Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Людмила Рябцева – Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін «Теміржолсу» АҚ еншілес кәсіпорны «Теміржолсу – Қарағанды» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Людмила Алексеевна осы кәсіпорында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, қазіргі уақытта кадрларды басқару менеджері болып қызмет атқарады. 2005 жылы ол 185 кәсіподақ мүшелерін біріктіретін кәсіподақ комитетінің босатылмаған төрайымы болып сайланды және бүгінде кәсіподақ көшбасшысы ретінде қоғамдық жұмыстарды жүргізеді.

«Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС еңбек ұжымы ұзындығы 70 шақырымға жуық су құбыры желілерінде, ұзындығы 9 шақырымнан астам кәріз желілерінде жұмыс істейді.

Теміржол учаскелерінің, станциялар мен разъездердің үлкен қашықтығы жұмыста біршама қиындықтар туғызады. Алайда, Людмила Алексеевна кәсіподақтың барлық мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолдау көрсетуге тырысады.

«Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрайымын жұмысқа жауапкершілікпен қарау, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті, жұмыс берушімен әлеуметтік диалогта ымыраға келу қабілеті ерекшелендіреді, бұл қызметкерлердің көкейтесті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Людмила Рябцева өзінің практикалық және теориялық білімін үнемі жетілдіріп отырады, оны кәсіподақ қызметінде, жалпы ұжымда да, жеке еңбек дауларын қарау кезінде де шебер қолданады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметкерлер арасында лайықты құрмет пен беделге ие, қазіргі заманғы көшбасшының мақсаттарына – мақсатқа ұмтылушылыққа, кәсіподақ қозғалысының міндеттерін жедел және сапалы шешуге қабілеттілікке, күйзеліске төзімділікке, креативтілікке, еңбек адамының игілігі үшін қойылған мақсаттарға қол жеткізуге жауапты қарайды.

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстарды жандандыру мақсатында, спорттық рухты нығайту және теміржол көлігі қызметкерлерін біріктіру үшін «Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС командасы белсенді түрде “ҚазКөлікКәсіп” Қарағанды облыстық филиалы өткізетін спорттық іс-шараларға қатысады.

Қарттар күніне орай кәсіподақ комитетінің аға буын өкілдеріне тәлімгерлік пен құрмет көрсетуді дамыту, корпоративтік рухты нығайту және еңбек ұжымын біріктіру үшін сумен жабдықтау саласындағы еңбек ардагерлерінің кездесулерін өткізуі игі дәстүрге айналды.

Сондай-ақ, қайырымдылық акциялары өткізіліп, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіледі.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде кәсіподақ комитеті әлеуметтік осал отбасыларды қолдау бойынша жұмысты жандандырды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ауған соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтау іс-шаралары өткізіледі.

Жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне кәсіподақ ұйымының төрағасы дөңгелек үстел ұйымдастырады, оған кәсіпорын басшысы мен заңгер қызметкерлердің өзекті мәселелерін талқылау және шешу, сондай-ақ заң бойынша түсіндірулер жүргізу үшін шақырылып отырады.

Қоғамдық жұмысы және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Людмила Рябцеваның еңбегі Салалық кәсіподақтың «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының және Салалық кәсіподақтың облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді.