Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “ҚЫЗМЕТ” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” филиалының өкілдерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жөніндегі жұмыстары жандана бастады.
Бұған дейінгі ниет білдірген Жастар саясаты мəселелерi басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды. Мемлекеттік мекемедегі 12 қызметші мүшелікке кіріп, оның төрайымы болып Күлбала Құрманбекова сайланды. Алдағы уақытта басқармаға бағынысты ведомостволық мекемелердің қызметшілері де кәсіподақ мүшелігіне кіретін болады.
Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің мүдделерін ескеретін ұжымдық келісім-шарт жобасын әзірлейді. Өз тарапынан “ҚЫЗМЕТ” кәсіподағының өкілдері құқықтық көмек көрсету, еңбекті қорғау жағдайын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.