“Каустик” АҚ – натрий гипохлоритін шығару бойынша жобалық өндірістік қуаты жылына 6 600 тоннаны құрайтын Қазақстан Республикасындағы хлор-сілті өнімін өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Кәсіпорында “Салауатты жұмыс орындары” жобасы іске асырылуда, еңбек ұжымында құрамында 483 қызметкер бар келісім комиссиясы мен өндірістік кеңес құрылды. Кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы М.Абдуғалимова, 290 қызметкер – кәсіподақ мүшесі.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова және “Павлодарэнерго “энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев “Каустик” АҚ жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Е.Тоқмағамбетовпен және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М. Абдуғалимовамен әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту мәселелері бойынша кездесті.
“Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әрбір жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ету және сақтау, кәсіпорын басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту үшін ұжымдық шартта қабылданған әлеуметтік жеңілдіктердің кәсіпорынның жергілікті деңгейінде жұмыс істеуіне мүдделі”, – деп атап өтті өз сөзінде Д.Айтжанова.
“Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Абдуғалимованың жұмысын атап өтіп, “Каустик” АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының 2008 жылдан бері “Павлодарэнерго” энергетиктердің жергілікті кәсіподағы” ҚБ құрамындағы белсенділігін сөз етті.
Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Абдуғалимова бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті жұмысының басым бағыттары, кәсіподақтармен сайланған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар тарапынан нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, келісу комиссиясы құрамындағы кәсіподақтардың жұмысы туралы айтып берді.