“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы ұйымдастырылды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Құрманованың төрағалығымен “Мерейлі отбасы” ұлттық отбасылық байқауының қорытындыларын шығару жөніндегі облыстық байқау комиссиясының құрамына Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кірді.

Байқауға отбасы мүшелерінде еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, спорттық, ғылыми жетістіктер бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауын өткізу ережелерін әзірледі. Байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Байқауды өткізудің мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және қарт ата-аналарына қамқор болуын көрсету және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Облыстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Екібастұз қаласынан Мыңбаевтар отбасына 1-орын, Баянауыл ауданынан Сейітовтар отбасына 2-орын, Май ауданынан Гросс отбасына 3-орын берілді.