ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы өздерінің кәсіби мерекелері қарсаңында цехтар мен шахталарына оралды. Топ-менеджерлер балқыту мен ұңғыма жұмыстарын жүргізу үшін өздерінің кәсіби еңбек жолдары басталған алғашқы жұмыс орындарына келіп, пандемия кезінде тәулік бойы еңбек етіп жатқан жігіттерді қолдады. #БіргеӘрекетЕтеміз челленджі компания құндылықтарының бірі – бірліктің үлгісіндей.
Жетекшілер бірнеше сағатқа қызу тірлік қайнап жатқан жұмыс орындарына келіп, жас күндеріндегі балқытушы, кенші, карьер техникаларының машинисі, тіпті зертханашылар мен электриктерге айналып, осыдан талай жыл бұрынғы сәтке қайта оралғандай болды. Челледжді 30 адам қолдады. Оның ішінде филиалдардың барлық директорлары мен «Қазхром» президенті Арман Есенжолов та бар.
– Екінші жыл металлургтер кәсіби мерекелерін қала деңгейінде тойланатын дәстүрлі салтанатты шараларсыз тыныш күйде қарсы алуда, – деді Арман Есенжолов. – Бұл айтулы күнді биыл да жай ғана сөзбен емес, іспен атап өтуді жөн көрдік. Сол себепті, жетекшілер арасында ерекше челлендж өткіздік. Мақсат – өндірісте жұмыс істеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кәсіпорынның пештерінде қызу еңбекте жүрген қызметкерлерімізге қолдау көрсету, олармен иық тіресе балқыту, ұңғыма жасау және өзге процестерді бірге артқару. Мен өзімнің өскен ортам Ақтөбе ферроқорытпа зауытының екінші балқыту цехындағы №26 пеште екі қорытпа жасадым. Бригадир Серік Смағұлов және тәлімгер Берік Өтегеновпен бірге болдым. Цехтың балқытушыларымен, шеберлерімен әңгімелестім. Жігіттер өте сауатты. Мен жұмыс істеген жылдармен салыстырғанда, қазіргі бригадирлердің деңгейі жоғары. Бұл акцияны біз жай ғана пиар үшін өткізбедік. Барлығы шынайы өтті.
Бастаманы зауыттың басшылары мен басқарушы құрамы қолдап, бірінші және төртінші цехтарда, сондай-ақ ферроқорытпаларды фракциялау және жөнелту цехында және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр станциясында еңбек етті. Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылары «Молодежная» шахтасының өндірістік алаңында жұмыс істеді. Азамат Бектібаев шахта басшысы Амангелді Сүйінтаевпен және алдыңғы қатарлы Аман Сүйіндіковтің бригадасымен бірге кенжар бұрғылап, тау-кен массасын ысырмалады.
– Істеген жұмысымнан рахат алдым, – деді Азамат Бектібаев. – Әрине, қобалжу, уайымсыз болмайды. Қолыма перфераторды ұстамағалы біраз жылдың жүзі болыпты. Әйтсе де, мұндай нәрселер есте қалады екен.
Ақсу ферроқорытпа зауытының жетекшілері де бірнеше сағатқа төрт цехтың барлығында жүрген әріптестерінің қатарына қосылды. Оның ішінде электроцех, жылу күші және жөндеу-механикалық цехтары бар.
Жұмыс басталмас бұрын барлық іс-шараларға қатысушылар қауіпсіздік шаралары талап етілген қажетті нұсқаудан өткенін айта кеткен жөн. Жұмыстың жекелеген түрлеріне жіберілгендердің қасында тәлімгер қоса жүрді. Барлығы қауіпсіз өтті. Ең бастысы, керемет нәтиже – естен кетпес эмоциялар, бірлескен фотосуреттер және жақын бір командада болып, кез-келген тапсырманы бірлесіп атқаруға болатынын ұғындырды.
Апта ішіндегі мерекелік іс-шараларда қазхромдықтар әрқашан өзгелерге көмектесуге уақыт табады. Бұл күнтізбедегі күнге қарамайды. Пандемия кезінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері қаланың ауруханаларына оттегі баллондарын жеткізді. Медицина қызметкерлері күні компаниядан аурухана бөлмелеріне кофе машиналары мен тәттілер сыйға тартылды. Биылғы Металлургтер күніне орай Ақтөбе, Ақсу және Хромтау қалаларындағы кәсіпорындардың Жастар кеңесінің белсенділері кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының қолдауларымен «Жылулық сыйла» акциясын өткізді. Олар жалғыз қалған зейнеткерлерге барып, жылы көрпелер мен жастықтар, сондай-ақ азық-түлік себеттерін табыстады. Мереке қарсаңында таңертеңгі уақытта ферроқорытпа зауыттарында музыкалық оркестрлер ойнап тұрды. Ал жастар зауыт кіреберісінде қызметкерлерге шлем мен металл тәрізді шөміштер түрінде пісірілген тәтті тоқаштар таратты. Дөң тау-кен байыту комбинатында осындай дәмді кәдесыйлар цех асханаларында жұмысшыларға үлестірілді.
Кәсіпорын орналасқан қалаларда жаңартылған Құрмет тақталары ашылды. Мереке күні асханаларда мерекелік дастархан жайылған. Металлургтер күні марапатталған мың адамның (Ақсулық металлургтерді қоса есептегенде) ішінде 99-ына ведомстволық марапаттармен, 20-дан астамына әкімдіктердің марапаты табыс етілді. Қызметкерлерге берілген марапаттардың жалпы сомасы биыл 338 миллион теңгеден астам. Сонымен қатар, компанияның барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне 10 мың теңге көлемінде мерекелік сыйақы тағайындалды.
«Қазхром» ТҰК» АҚ жайында қысқара ақпарат:
Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің толық циклы болып табылады. Компания жылына 5,6 млн. тонна тауарлы хром кенін, 480 мың тонна марганец кенін және 1,8 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдарды біріктіреді: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).
EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА:
Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.
Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.
ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.
Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Оның үстіне кәсіпорын өнімдері: мыс пен кобальт Лондон металдар биржасында сатылады.
Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар.
Бразилияда ERG темір кенін өндіруге мүмкіндік беретін Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда. Онда өндіру мен логистикалық кешен толық кіріктірілген. Құрамына Pedra de Ferro темір кеніші, тереңсулы Porto Sul порты мен кең жолақты FIOL темір жолы кіреді.
ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.