Ақтөбеде жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатары артып келеді. Әсіресе, құрылыс саласы мен шағын кәіспкерлік саласында өз бастамаларымен бастауыш ұйым құруға ниет еткендер қатары артты. Мәселен, мұнай-сервистік компаниялардың жұмысшылары өз еріктерімен бастауыш ұйымдар ашуда. Нақты айтсақ, «Ту-Ха» серіктестігінің жұмысшылары бастауыш ұйым құрып, өз белсенділерін бекітіп, еңбек құқықтарын қорғауға кіріскен.
«Қазірде жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында жалақы төлеу, еңбек құқығын шектеу, т.б. мәселелер туындаса, алдымен оны кәсіподақ арқылы шешуге ұмтылыс бар. Кәсіподақтар еңбек дауларының алдын-алу мен шешудің тиімді жолдарын реттестіре алады», – деп атап өтті Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов әріптестерімен кезекті кеңесте.