Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен өңірлік деңгейдегі «Еңбек жолы» сайысының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның онлайн-отырысы өтті, оған облыстың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясына Қарағанды облысының Жезқазған, Саран қалаларынан, Осакаров және Қарқаралы аудандарынан 4 әулет қатысады, олардың жалпы отбасылық еңбек өтілі – 90 жылдан 165 жылға дейін.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында білім беру, мәдениет, металлургия және энергетика салалары қызметкерлерінің кандидатуралары ұсынылды.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша сайысқа көмір өнеркәсібінде, білім беруде, металлургияда және теміржол көлігінде табысты жұмыс істейтін жас мамандар қатысады.
Өңірлік комиссия мүшелері сайысқа қатысушылардың кандидатураларын қарап, пікір алмасты және сайыстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын бірлесіп анықтады.
Бұдан әрі конкурстық материалдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау vинистрлігі жанындағы «Еңбек жолы» сайысының республикалық комиссиясына жіберілетін болады.