ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
А. Мамин өндірістік қуаты жылына 122 рентген аппараты мен кешенін құрайтын «Ақтөберентген» АҚ зауытының жұмысымен танысты. Өнімнің бір бөлігі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады.
Премьер-Министр өңірдің энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді.
Ж9мыс сапары барысында А. Мамин «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ға барды, онда қазіргі уақытта кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2021 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Айта кетерлігі, «Ақтөберентген» АҚ және «Ақтөбе жылу электр орталығы» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жақсы жолға қойылған.