Мейірімділік пен қайырымдылық дәстүрі бойынша “Құрбан айт” мерекесі аясында “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін 2 млн.теңгеден астам қаражат бөлді. 100 азық-түлік жиынтығы көмекке мұқтаж отбасыларға таратып беру үшін энергетикалық муниципалды округтің №9 және №11 орта мектептерінің әкімшіліктеріне берілді.
Тағы 50 жиынтық кәсіпорын қызметкерлері – көпбалалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған қызметкерлерге таратылды.
“Осындай маңызды Құрбан айт мерекесіне орай МАЭС-тың көмегі дәстүрге айналды. Станция қызметкерлерінің өзгенің қайғысынан шетте қалмауы және мұқтаж адамдарға азық-түлік жиынтығын қалыптастыру мен жеткізуде қолдан келгенше көмек көрсетуге әрқашан дайын болуы өте маңызды”, – деп атап өтті станцияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Чигвинцева.