Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодардағы филиалы Павлодар қалалық сотымен, Павлодар облысының жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп Сот актілерін орындауға қатысты мәселелер бойынша тақырыптық онлайн-қабылдау ұйымдастырды.
Кәсіподақ мүшелері Павлодар қалалық сотының судьялары Жанна Машанова мен Гүлмира Қайырбекова, Павлодар облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Юсупова, Павлодар облысы жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Асланбек Цечоевке қойылған сұрақтарға жауап алды.
Онлайн-қабылдауға Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында тұратын балалары бар әйелдер және Аналар үйі әлеуметтік жобасының қатысушылары қатысты.
Кездесудің модераторы Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова болды.
ҚРКФ заң клиникасының филиалына жүгінгендер жалақыны өндіріп алу туралы сот актілерін орындау тәртібі және “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі туралы” ҚР Заңы шеңберінде тағайындалған жалақыны өндіріп алу бойынша талаптарды орындау бойынша жеке сот орындаушылары қабылдайтын шаралар туралы; алименттерді өндіріп алу, борышкерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы, берешекті анықтау туралы қаулы беру туралы, борышкерді іздестіру туралы сұрақтарға жауап алды.
“Кәсіподақ мүшелерінің тақырыптық онлайн-қабылдаулары ҚРКФ Заң клиникасының жұмысында танымалдылыққа ие болды, өйткені бір кездесу аясында тиісті мамандарды тарта отырып, бір өзекті тақырып бойынша келіп түсетін сұрақтар спектрін қорытындылауға және қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат беруге мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова.