Таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

2021 жылдың 22 шілдесінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасыЕркін Сатқанбаев жүргізді.

Қаладағы эпидемологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіліп отырған жиынға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов кеңес мүшесі ретінде қашықтықтан қатысты.

Кеңес отырысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жол картасында көрсетілген Шымкент қаласы аумағын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Ашаевтың есебі тыңдалды.