Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына арналған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев бейнеконференция арқылы «Солтүстік Қазақстан облысы пошта қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» мүшелерімен кездесті.
«Солтүстік Қазақстан облысы пошта қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2000 жылы «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының филиалында құрылған. Бірлестік Қазақстандық ақпарат, байланыс және телекоммуникациялар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағына қарайды. Төрайымы Береке Шопенова. Өз кезегінде «Солтүстік Қазақстан облысы пошта қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамына 1080 кәсіподақ мүшелері бар 13 аймақтық бастауыш кәсіподақ комитеттері кіреді.
Береке Шопенова атап өткендей, «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының филиалында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жұмыс форматы өзгерген. Қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуде. Алайда пошташылар күнделікті жұмысын бұрынғыша жалғастыруда. Филиал пошталық хат-хабарларды, хаттарды, сәлемдемелерді, ақша аударымдарын, қаржылық қызметтерді (зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттік ұйымдарға жалақы, коммуналдық төлемдер, несиелер беру, карточкалар беру) жіберу және жеткізумен айналысады. Мұндағы қызметкерлер саны – 1080 адам. Олардың барлығы кәсіподаққа мүше.
Кездесуде елде қалыптасып отырған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сала жұмыскерлерінің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғаудағы кәсіподақтың рөлі де сөз болды. Мұнда жұмыс берушінің қаражаты есебінен жылына екі рет, сәуір мен қазан айларында, пошта жөнелтімдерін жеткізу бойынша жұмыстарды орындаған кезде компания қызметкерлеріне – жазғы және қысқы аяқ киім сатып алу үшін 4 және 5 АЕК мөлшерінде ақшалай өтемақылар төленеді. Белгіленген нормаларға сәйкес жұмысшыларға сүт, арнайы киім, аяқ киім және басқа жеке қорғаныш құралдары беріледі. Барлық пошташылар ұялы байланыспен қамтамасыз етілген, ал ауыл пошташылары үшін велосипедтер беріледі екен.
Кездесуге қатысушылар сонымен қатар, Тайынша және Жамбыл аудандарындағы пошташылардың жұмыс жағдайларымен танысты.
Әрі қарай ашық диалогқа ұласқан кездесуде кәсіподақ мүшелері ҚРКФ басшылығына өз ұсыныстарын жеткізді. Айтап айтқанда, олар ұжымдық шарт арқылы әлеуметтік қолдауға қатысты яғни шипажайда демалу мен оңалту, баспанамен қамту мүмкіндіктерін қолжетімді ету бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесуді қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев федерацияның Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, Еңбек Адамының құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша жыл басынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Содан соң кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын түзеу және біліктілігін жетілдіруге бағытталатын «Ем ал! Демал! Білім ал!» атты жаңа кәсіподақ жобасын таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялап, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» атты акциясын бастады. Мұндағы мақсат өңірлердегі бастауыш ұйымдарымен тікелей байланыста болу, олардың өзекті мәселелерін өз уақытында естіп-білу және бастауыш кәсіподақ ұйымдарын федерацияда атқарылып жатқан жұмыстар, жаңа жобалар, қабылдаған шешімдер туралы хабардар ету.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы