«Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты дәстүрлі шара аясында білім беру саласындағы жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі және жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін марапатталған аймақ мұғалімдерінің алғашқы легі емдеу-сауықтыру орталығына аттанды.
Естеріңізде болса, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы өңірдің 110 үздік ұстазына, атап айтқанда пән мұғалімдері мен педагог отбасыларды алғыс хатпен марапаттап, оларға «Меркі» шипажайына жолдама табыс еткен болатын.
Қазіргі сәтте 50-ге жуық ұстаз Алатаудың етегінде орналасқан керемет шипажайда тынығып, кешенді ем қабылдауда.
Алдағы күндер тағы 60 педагог осы емдеу-сауықтыру орталығында демалып, денсаулықтарын нығайтады.
10 күндік демалыс білім кәсіподағы есебінен қаржыландырылды.