Павлодарда ҚРКФ Заң клиникасы филиалының алаңында судьялардың қатысуымен онлайн-қабылдау өтті

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік-консультациялық қызметтер көрсету және қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы құрылды.

2021 жылғы 26 шілдеде Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы еңбек дауларының алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде кәсіподақ мүшелерінің онлайн-қабылдауына Павлодар қалалық сотының судьялары Динара  Абукенова, Айнұр Талипова ,  Гүлмира Қайырбекова, ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы  Марина Иванова қатысты.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жедел желісіне кәсіподақ мүшесінің еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту рәсімін: тәртіптік жаза қолдану және қолдану мерзімдерін, тәртіптік жаза қолдану тәртібін, жазбаша түсініктеме алу рәсімін, бұйрық шығаруды, тәртіптік жаза түрін қолдануды түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Жүгінген кәсіподақ мүшесіне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5-тарауына сәйкес онлайн консультация берілді, өтініш толық шешілгенге дейін тұрақты бақылауға тіркелді.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жедел желісіне кәсіподақ мүшесінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 60-бабы “Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері” бойынша жұмыстан босату тәртібін түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Онлайн-қабылдауға қатысушылар жүгінген кәсіподақ мүшесіне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабында көзделген еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға қолданыстағы тыйымдар мен шектеулер және ҚР Еңбек кодексінің 60-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартының тоқтатылуы туралы түсіндірді.

Анықтама: ҚРКФ Заң клиникасы туралы Ережеге сәйкес шектеу карантиндік шараларының қолданылу кезеңіндегі барлық қызметтер бейнеконференцбайланыс және телекоммуникация құралдары арқылы жүргізіледі. Кәсіподақ мүшелері тәулік бойы 87088614656 жедел желі телефонына хабарласу арқылы практикалық, тегін заңгерлік (кеңестік) көмек алуға жүгінуге құқылы.