2021 жылғы 1 шілдеден бастап Павлодар облысында 14 бағыт бойынша “Жасыл Ел” еңбек жасағы өз жұмысын бастады, оның шеңберінде 2 мыңнан астам жас жұмысқа ие болады.
Өз қызметін он бес жылдан астам уақыттан бері жүргізіп келе жатқан “Жасыл Ел студенттік құрылыс жастар жасақтарының Павлодарлық штабы” ҚҚ 2021 жылы қатарынан үшінші рет Қазақстан Республикасында үздік деп танылды.
2021 жылғы 27 шілдеде еңбек қатынастары саласындағы құқықтық қорғалу деңгейін анықтау, еңбек заңнамасын түсіндіру және “Жасыл Ел” жазғы жасағына қатысушыларды қызықтыратын мәселелер бойынша құқықтық консультациялар беру үшін Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Жасыл Ел” еңбек жасағына қатысушылардың Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Ивановамен және “Павлодарпрофсервис” ЖШС директоры И.Испуловамен кездесуін ұйымдастырды.
“Жасыл Ел” еңбек жасағының 24 жауынгері “Павлодар техникалық сервис колледжі” КМҚК студенттері болып табылады, олар электргазбен дәнекерлеуші, газбен кесуші, техник, жүргізуші, автомобиль жөндеу слесарі, техник-механик, фрезеровщик, кеңбейінді станокшы мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.
Кездесу спикерлері жастардың еңбек шартын жасасу және оны ресімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу режимі, еңбек шартының мәтінінде қажетті тармақтардың болуы, жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігі, ауырған жағдайда құқықтық қорғалуы туралы сұрақтарына жауап берді. Дәл сол жерде жұмыс берушінің қатысуымен еңбек жасағы жауынгерлерінің еңбек шарттары талданды.
“Жасыл Ел” жазғы еңбек жасағының қатысушыларына еңбек заңнамасы түсіндірілген флаерлер және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жедел желісінің байланыс деректері берілді.