Кәсіподақ төрағасы Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның ұжымымен кездесті

Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті Еңбек Қызыл Ту Орденінің Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның ұжымымен кездесті.
“80-ші жылдары №5 тау-кен өндіру учаскесінің тау-кен шебері, №1 және №2 дайындық (үңгілеу) жұмыстары учаскелерінің көмекшісі, басшы орынбасары, басшысы, өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары, шахтаның партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген кездегі әріптестеріміздің амандығын көру әрқашан қуантады”, – дейді кәсіподақ төрағасы.
Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері еңбекақының әділ және уақтылы көтерілуіне қанағаттанған, бірақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер үшін зейнетақы жасын төмендету мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр.