2021 жылғы 1 сәуірден бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан ҚРКФ Заң клиникасының филиалы ашылды, оның қызметінің негізгі мақсаты кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.
Инновациялық Еуразия университеті “Заң” факультетінің 4 курс студенттері адвокаттармен, заңгерлермен, медиаторлармен, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен, үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасына еріктілер ретінде шақырылды.
Студенттердің ҚРКФ Заң клиникасының жұмысымен танысудың бірінші кезеңі 2021 жылғы 8 шілдеде Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі жанындағы Заң клиникасы алаңында басталды. Студенттер ҚРКФ Заң клиникасының филиалы туралы Ережемен, келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібімен және еңбек заңнамасының өзекті мәселелерімен танысты.
2021 жылғы 28 шілдеде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі студенттерге нақты еңбек дауларын шешуге байланысты кейстік міндеттерді қарау бойынша оқыту онлайн-семинарын ұйымдастырды.
Онлайн семинарда спикер ретінде Павлодар қалалық сотының судьясы Гүлмира Қайырбекова сөз сөйледі. Спикер азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі ережелерін түсіндірді.