29 шілдеде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияларының кезекті отырыстары өтті.
Бұл отырыстарға комиссия мүшелерінен бөлек Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Е.Есіркепов пен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Б.Қараулов қатысып, аудандардағы аталған саладағы өзекті мәселелердің жай-күйімен танысты.
Комиссия отырыстарында сөз сөйлеген Е.Есіркепов ең алдымен әлеуметтік-еңбек саласының тұрақтылығын назарда ұстауға, кәсіпорындар мен ұйымдардағы ұжымдық шарттармен қамтылу деңгейін арттыруға және еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Б.Қараулов аудандардағы жұмыс атқарып отырған кәсіпорын мен ұйымдарда еңбек дауларының алдын алу және болдырмау мақсатында мониторинг жұмыстарын жандандыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу жұмыстарын жалғастыру мәселелерін көтерді.
Жиын барысында комиссия мүшелері алты айда атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарының жоспарын пысықтады.