Теміржолшылар спорттық марафон-челленджін өткізді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ҚАЗКӨЛІККӘСІП кәсіподағының “Астана” филиалы өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында “Ел тәуелсіздігіне 30 жыл!” спорттық марафон-челленджін өткізді.

“Астана” филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев: «Біз теміржолшыларды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында және денсаулықтарын нығайту үшін әртүрлі спорттық жарыстар мен турнирлер өткізіп тұрамыз. Бүгін ботаникалық саябақтың аумағында ұйымдастырылған 30 шақырымдық жүгіру жарысына 100-ден астам кәсіподақ мүшелері қатысты. Бірлігі жарасқан ұжымның теміржолшылары осындай спорттық шаралардан өздеріне жақсы көңіл-күй сыйлай алатынына сенімдімін», – дейді.

Жарысқа қатысушылар 30 жасқа дейінгі, 41 жастан 50 жасқа дейін және 51-ден 63 жасқа дейін жас санаты бойынша қашықтықты еңсерді.

Мәре сызығын қиып өткен жеңімпаздарға «Қазақстан теміржолы» ҰК» мен “Астана” филиалы басшылығы атынан медальдар мен алғыс хаттар табысталды.