ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ЖҰМЫСКЕРЛЕР АРАСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Қарағанды облысының кәсіподақ Орталығы және өңірлік Филиалдар мен жергілікті Салалық кәсіподақтардың бастауыш ұйымдары Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының қызметкерлер мен жұмыс берушілерге Үндеуін қолдайды, еңбек ұжымдарында өмірлік қауіпті коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды уақтылы жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Облыстың Кәсіподақ Орталығының мамандары ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған қызметкерлерді қоспағанда, вакцинация процесінен өтті.
Бұл жұмыс кәсіподақ ұйымдарында да жүргізіледі. Ыңғайлы болу үшін медицина қызметкерлерінің тікелей кәсіпорындарға баруы арқылы вакцинация ұйымдастырылды.
Осылайша, «ТеплотранзитКараганда» ЖШС стратегиялық маңызды кәсіпорындарының бірінің еңбек ұжымында (Бас директор – Алишер Ибрагимов, кәсіподақ комитетінің төрағасы – Ольга Вершинина) бүгінгі күні қызметкерлердің 80 пайыздан астамы вакцинациялаудан өтті.