Мұнай кенішінде еңбек ұжымымен кездесу өтті

Мұнай кенішінде «ҚазГерМұнай БК» серіктестігі Басқармасының 2021 жылғы бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есепті кездесуі өтті. Кездесуге Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев қатысты.
Басқарманың есепті кездесуінде компания басшылықтары кәсіпорында жыл басынан атқарылған жұмыстар мен компанияның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы баяндап, жыл соңына дейін межеленген жұмыс жоспары туралы сөз қозғады. Еңбек ұжымы тарапынан атқарылған жұмыстар барысына оң баға беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев өз сөзінде компания жұмыскерлерінің әлеуметтік-еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша тараптар арасында өзара қалыптасқан жүйелі әлеуметтік әріптестік қатынастарды атап өтті.
Есепті жиыннан соң облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы кеніш қалашығындағы жұмыскерлердің өндірістік-тұрмыстық жағдайларымен, олардың тамақтану, демалу орындары жағдайларымен танысты.