Теміржолшылардың талабы орындалды

Жалақы жыры. Бұл жолы Арыс-Шымкент бағытының ПЧ-53 жол шаруашылығының 120-ға жуық қызметкері талабын төтесінен қойып, шу шығарған еді. АЙ бұрын айлықтарын 100%-ға арттыруды сұранғандардың дауына кәсіподақ араласқантын. Тексеріс қалай өтті, талап заңды ма? Сұрақтардың жауабын жұмысшылар талабының орындалу барысын өз бақылауына алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев мәлімдеді.