«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
“Еңбек жолы” конкурсының облыстық кезеңінде жеңімпаздарды анықтау жөніндегі өңірлік Комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады – “Үздік еңбек әулеті”, “Жастардың үздік тәлімгері” және “Өндірістің үздік жас маманы”.
Комиссия құрамына Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кірді.
Әлеуметтік әріптестік тараптары конкурсқа қатысу үшін кандидатураларды іріктеумен айналысты. Комиссияның қарауына үміткерлерден барлығы 37 өтінім берілді. Оның 9-ы “Үздік еңбек әулеті” номинациясы бойынша, 12–сі – “Жастардың үздік тәлімгері”, 16-сы – “Өндірістің үздік жас маманы”номинациясы бойынша марапатталды.
Комиссия жүлдегерлерді ашық дауыс беру арқылы іріктеу критерийлеріне сәйкес анықтады. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша “Үздік еңбек әулеті” номинациясы бойынша Махмудовтар отбасы – “Трамвай басқармасы”АҚ бірінші орынды жеңіп алды. Махмудовтар отбасының жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды. “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” номинациясы бойынша бірінші орынды “Павлодар машина жасау зауыты” АҚ дәнекерлеу-құрастыру цехының 4 санаттағы кран машинисі Н.В.Акишева жеңіп алды. “Өндірістің үздік жас маманы” номинациясы бойынша бірінші орынды “Компания Нефтехим LTD” ЖШС өндірістік-технологиялық қызметінің инженер-технологы Е.Ж. Оспан жеңіп алды. Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы “Еңбек жолы “республикалық конкурсы 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.