Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Акцияға «Келешек» жастарының еріктілері де белсенді түрде ат салысты. Еріктілер Фосфоршылар сарайы айналасы және оның маңындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен аллеясын қоқыстан толығымен тазартты.
Халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Еңбекші ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты.
Тазалық акциясына тазартуды қажет ететін аумақтар таңдап алынғаны қуантады. Қоршаған ортаға арнап жатқан қызметімізден кейін, аумақ таза, ұқыпты болады деген сенімдеміз!
#КелешекЖастары #КелешекШымкент #ШымкентКәсіподақЖастары #ШымкентЖастар