Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ активінің біліктілігін көтеруді жалғастыруда

ҚРКФ  онлайн білім марафоны аясында Жамбыл облысы кәсіподағы мен Ақпарат, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мүшелері үшін кәсіподақ қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша семинар өткізілді.

Қатысушыларға арналған алғысөзінде Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев жұмысшылардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік әріпиғсиікті дамыту үшін кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелерінің жоғары кәсіби деңгейін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚРКФ төрағасының орынбасары семинар қатысушыларына  «Ем ал! Демал! Білім ал!» жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, жоба кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту мен бір мезгілде оқыту қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беру және сауықтыру жобасы пилоттық режимде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Адал Ниет Астана» оңалту орталығының базасында іске қосылады, кейіннен кәсіподақтық шипажайларға таратылады.

«Жобаның бірегейлігі-он күн ішінде кәсіподақ мүшесі демалысты кәсіптік оқытумен ұштастыра отырып, жоғары технологиялық оңалту қызметтеріне және денсаулық сақтаудың кең спектріне қол жеткізе алуында»,-деді Нұрлан Өтешев.

Бұл ретте ол бір жыл ішінде жобаны жүзеге асыру кәсіподақтардың 12 мың мүшесіне демалысты біліктілікті арттырумен ұштастыра отырып, медициналық оңалтудан өтуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Людмила Голенкова жиналғандарды еңбек дауларының алдын алу мен шешудің негізгі аспектілерімен және Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастырумен таныстырды.

Қатысушыларды жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын шешудің жаңа тетіктері қызықтырды.

Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева еңбек қатынастарын реттеудің өзекті мәселелеріне тоқталды.  Дәріскер еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерге, оны қолдану тәжірибесіне шолу жасады, сонымен қатар еңбек қатынастары тараптарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері туралы айтты.

Пікір алмасу барысында еңбек дауларын шешудің нақты мысалдары мен заңнамалық нормаларды қолдану практикасы қарастырылды.