Биыл жазда еліміздің бірқатар өңірлері экологиялық жағдайға байланысты жем-шөптен тапшылық көріп отыр. Маңғыстау мен Қызылорда аймақтарында құрғақшылықтың салдарынан төрт түлік мал аштан өліп жатыр. Жанашыр халықтың арасынан осы өңірлерге қолдау көрсетіп жатқандары да бар.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінің басшылығының қолдауымен музейдің кәсіподақ мүшелері де бір күндік еңбекақыларын Маңғыстау облысына аударуды жөн көрді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы бастаған «Ауылға көмек» акциясын қолдай отырып, қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуеті мен ауыл аймақтарына жәрдемдесуге шынайы ниетін білдіруде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, – демекші еліміздің барша музей қауымдастығын осынау игі істі қолдауға шақырамыз», – дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Зәкира Молдабаева.
#БКҰ21, #kasipodaqkomektesude, #kasipodaqkz*