Ботагөз Қапарова – 2018 жылдан бастап «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Осакаров ауданының Орталық аудандық ауруханасы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Ботагөз Қажымұратқызы 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі – дәрігер.
Еңбек жолын «№1 Орталық ауруханасы» КМК қалалық ауруханасында хирургиялық бөлімшенің отоларинголог дәрігері болып бастады, 2006 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитарлық бөлімінің емханасына жұмысқа ауыстырылды, ал 2007 жылдан бастап Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасының отоларинголог-дәрігері болып еңбек етуде.
Ботагөз Қажымұратқызы өзін функционалдық міндеттерін кәсіби түрде орындайтын сауатты маман ретінде көрсете білді. Еңбекқор, өзіне және басқаларға талапшыл, дәрігер мамандығына адал.
Ботагөз Қапарова есептік құжаттаманы жоғары деңгейде жүргізеді, отоларингологиялық қызметтің диагностикалық және емдеу әдіс-тәсілдерін де мықты меңгерген.
Кәсіподақ көшбасшысы Осакаров ауданының тұрғындары мен ұжымында лайықты беделге ие. Өз пациенттеріне мұқият қарайды. Медициналық ұжымның қоғамдық өмірін белсенді жүргізеді, барлық кәсіподақ іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырады және қызметкерлердің мүдделерін қорғау мәселелерінде аянбай еңбек етеді.
Өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Ботагөз Қажымұратқызы Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен және дипломымен, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен, «Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.
#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы