Әйел-аналарға қамқорлық – кәсіподақ назарында

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанованың төрағалығымен, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінованың қатысуымен отбасы институтын нығайту, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізілді. Осы кездесуге кәсіподақ жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Мұхтарита Сағындықова да қатысты.
Жалпы,Ақтөбедегі аумақтық бірлестік жанындағы комиссия өңірдегі облыс әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен де тығыз байланыста жұмыс жасайды.
« Бастысы еңбекші әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек ұжымдарындағы ұжымдық шарттар, келісімдер арқылы олардың құқықтарының жан-жақты сақталуына қолдау жасалады.Біз еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауға,әйелдердің еңбек құқықтарының сақталуына баса назар аударамыз»,-деп атап өтті М. Сағындықова.