С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылығы мен жергілікті кәсіподағы ЖОО-да жұмыс істейтін әрбір адамның атқаратын лауазымы мен еңбек функцияларына қарамастан тұрақты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп отырады.
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ұжымы қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерге тегін жол жүру билеттерін алады. Сондай-ақ, оқытушылар мен қызметкерлерге жеке кеңсе тауарлары мен жұмысқа қажетті керек-жарақтар жиынтығы беріледі.
«Қазіргі уақытта университетте әлеуметтік қолдау жүйесі 3 бағыт бойынша дамуда: денсаулық сақтау, үздіксіз медициналық көмек көрсету; қаржылық қолдау; нарықтық бағадан төмен бағамен экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз ету»,- дейді жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожин.