10 тамыз күні Шымкент қаласында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Бұл «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы мен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды.
Ұжымда еңбек етіп жүрген 26 адамның барлығы немесе 100%-ы кәсіподақ мүшелігіне тартылып, ынтымағы ұйыған еңбек ұжымы екенін көрсетті.
Коммуналдық мемлекеттік мекемеде өткен жалпы жиналыста әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарт қабылданды.
Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдарәлі Әмірәліұлы Раманов және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерлан Сүйіндікұлы Умаров қол қойып, оны Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолдады.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына қабылдау, еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету, жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан Сүйіндікұлы Умаров және «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.
Кәсіподақ орталығының баспасөз қызметі