“Қазхром Трансұлттық компаниясының” филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының басшылығы мен кəсіподағы республикалық “Мектепке жол”акциясына қолдау жасады.
Компания өз жұмысшыларының балаларымен қатар, əлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары мен жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларды да жыл сайын назардан тыс қалдырмайды. Ақтөбе қаласындағы орта мектептерге де көмек көрсетіп, мұқтаж балаларға мектеп формасы мен аяқ киімдер алып берді.
“Біз жыл сайын дəстүрлі түрде осы акцияға қолдау жасаймыз. Балалар – біздің жарқын болашағымыз. Олардың мектепке барып, толыққанды білім алуларына қамқорлық таныту – біздің азаматтық парызымыз деп санаймын”, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кəсіподақ жетекшісі Сапарғали Мұқашев.