Кәсіподақ өкілі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Шымкент қаласының мемлекеттік органдарының персоналды басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметіне жүргізген тексеріс қорытындысына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Әдеп кеңесінің мүшесі, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысты.

Кеңесте Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшылығының, Әдеп жөніндегі уәкілдің және қала әкімдігіне қарасты бірқатар басқармалар басшыларының анықталған кемшіліктері бойынша атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері және қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары назарға алынып, мекеменің жұмысын ұйымдастыруына, оның орындалуына бақылау жүргізуге мекеменің бірінші басшылары тікелей жауапты екендіктерін атап өтті. Аталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау және алдын алу бойынша талқыланып, лауазымды тұлғаларға бірқатар ұсыныстар берілді.