«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының қорытындысы шығарылды

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ байқау комиссиясы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының қорытындысын шығарды.

Филиал байқау қорытындысы бойынша онлайн режимде барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен салтанатты жиналыс өткізіп, жүлделі орындар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауында 1-орынды «Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК босатылған төрағасы Андрей Пан иеленіп, 350000 теңге ақшалай сертификат алды. Ал 2-орын иегері «Шахтинск қаласының емханасы» КМК төрағасы  Шолпан Бейсембаева 300000 теңге ақшалай сертификатты иеленді, 3-орын алған «Жезқазған қаласының емханасы» КМК тарқату төрайымыБалшекер  Ермағанбетова 250000 теңге ақшалай сертификатты иеленді.