Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Нәлібаевтың жетекшілігімен өткен отырыста салалық кәсіподақтарға қарасты еңбек ұжымдарының ахуалы зерделенді. Сонымен қатар, Арал ауданындағы “Аралтұз” өндіріс орны қызметкерлерінің ұжымдық талап-арызы талқыланып, соған сәйкес атқарылатын іс-шаралар нақтыланды.
Жиын барысында еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістерінің алдын алу бойынша ойлар ортаға салынды.
Апта сайын өткізілуі жоспарланған жедел-штабтың кезекті отырысы 11 тамызда өткен үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстар барысын пысықтаумен түйінделді.