Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Самал Жақыпова

Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Мәдени-демалыс орталығы” МКҚК бастауыш кәсіподақ ұйымы 2020-2021 жылдардағы қызмет қорытындылары бойынша “Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының” бастауыш кәсіподақ ұйымдарының байқау-конкурсында “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” болып анықталды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Самал Жақыпова жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер және С.Торайғыров атындағы мәдени-демалыс орталығының дәстүрлі әншісі болып жұмыс істейді.