2021 жылғы 18 тамызда кәсіподақтар тарапынан Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Д.Айтжанованың қатысуымен Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.Маликованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану жағдайы туралы, Екібастұз қаласының кәсіпорындарындағы келісім комиссияларының жұмысы туралы мәселелерді қарады.
“Промсервис Отан” ЖШС, “Қазақстан вагон жасау компаниясы” ЖШС, “Гидропром” ЖШС, “Екібастұзжылуэнерго” ЖШС директорлары ұжымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы және өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы баяндады.
“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ және “Богатырь Көмір” ЖШС басшылығы кәсіпорындардағы келісім комиссияларының жұмысы туралы, олардың еңбек дауларындағы рөлі туралы айтып берді.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова комиссияның қолдауына ие болған қала кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану мәселелеріне белсенді мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныс енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының сақталуына бақылауды күшейтуді, еңбек дауларының алдын алу бойынша жұмысты енгізуді ұсынды.