Еңбек ұжымында қауіпсіздік мәселелері талданды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның төрағасы Мақсұт Исахов, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Бәйтерек-ЛБ» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы семинар-тренинг өткізді.

Жиын барысында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, қызметкерлерден еңбек заңнамасы бойынша қойылған сауалдарға тиісті жауап берілді.