ҚРКФ білім марафоны аясында Қызылорда облысы мен «Химиялық, мұнайхимиялық және өндірістің туысқан салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша семинар болып өтті.
Семинарды аша отырып, ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ белсенділерінің кәсіби деңгейін көтеруге және тәжірибе алмасуына ерекше назар аударатынын атап өтті.
«Кәсіподақтар Федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясы кәсіподақ қызметкерлерінің кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелерінің арасында құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру арқылы жаңа кәсіподақ идеологиясын насихаттауды көздейді», – деп атап өтті Нұрлан Өтешев.
ҚРКФ -ның білім беру бастамаларының маңыздылығын айта отырып, ол қатысушыларға федерацияның «Ем ал! Демал! Білім ал!» атты жаңа жобасы туралы әңгімелеп берді.
Жобаның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің тәні мен жанын сауықтырып, кәсіподақ қызметіне үйрету.
«Жоба 10 күндік сауықтыруды кәсіподақ жұмысына қатысты 10 сағаттық дәріспен сабақтастырады», – деді ҚРКФ төрағасының орынбасары.
Семинар барысында кәсіподақ қызметінің басым бағыттары мен әлеуметтік әріптестікті нығайту тетіктері талқыланды.
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының бас заңгері Людмила Голенкова еңбек дауларының алдын алу мен шешу тетіктерімен және келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастырумен бөлісті.
Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева қатысушыларға кәсіподақ қызметінің негізгі қағидалары мен еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесі туралы ақпарат берді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚРКФ-ның онлайн білім марафоны 21 маусымда басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық салалары мен аймақтарының кәсіподақ белсенділері үшін 29 семинар өткізілді.