Ағымдағы жылдың 18 тамызында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Евразиядағы «ВМ» халықаралық журналының қолдау көрсетуімен «Медиация – дау-дамайдың заманауи мәдениеті» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияның жұмысына еліміздің басқа өңірлерінің медиаторларымен қатар, Қарағанды облысы кәсіподақтар жанындағы Татуласу орталығының медиаторлары да атсалысуда.
А.Малахова, А.Пак сынды спикерлермен қатар, Ами Дхарамши – «Индияда медиацияны енгізудегі тәжірибем», Минскіден байланысқа шыққан Михаил Мацкевич, Иво Артсен – «Ауыр қылмыстарға қатысты медиация: түйінді мәселелер мен мүмкіндіктер», Алида Махмудова – «Әзірбайжандағы медиация институтының дамуы», Леандро Ренно – «Бразилия медиациясындағы эволюция және проблемалар», Харватиядан Срдан Шимац – «Делдалдық өз өміріне деген бақылауды қалпына келтіру ретінде», американдық Кеннет Клоук – «Медиацияның көмегімен дау-дамайлар мәдениетін қайта қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, іс-шараның өтуіне ерекше әсер берді.
Іс-шараға қатысушылар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.