“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы онлайн режимінде облыстық филиалдар деңгейінде “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” байқау-конкурсының екінші кезеңін өткізді.
Эпидемияға қарсы шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 2021 жылғы 19 тамызда Кәсіподақтар үйінің конференц-залында жеңімпаздарға құрмет көрсету және құттықтау өткізілді.
Облыстық филиал деңгейінде өткізілген конкурс нәтижесі бойынша I орын “Павлодар қаласының № 5 емханасы” ШЖҚ КМК-ға берілді, диплом және 350 000 теңге сомасында ақшалай сертификат берілді. II орынды иеленген “Тереңкөл ауданының ауруханасы” ШЖҚ КМК 300 000 теңге сомасында ақшалай сертификат және III орынды алған “Павлодар ауданының емханасы” ШЖҚ КМК 250 000 теңге сомасында диплом мен ақшалай сертификат тапсырылды.
Сонымен қатар, қосымша номинациялар анықталды: “Үздік ұжымдық шарт” – “Павлодар қалалық № 1 ауруханасы” ШЖҚ КМК; “Белсенді кәсіподақ көшбасшысы” – “ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ” ШЖҚ КМК; “Үздік әлеуметтік-бағдарланған ұйым” – “Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК және «Павлодар облыстық Қ. Сұлтановтың атындағы ауруханасына» “Мечта” СҮ 50 000 теңге сомасында дипломдар мен сертификаттар берілді.
Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атынан жеңімпаздарды төраға, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова құттықтады.