Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы Қор арасындағы әріптестік және ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, қордың Young Leadership Program (YouLP) бағдарламасының бесінші модулінің жұмысы жүріп жатыр.
Young Leadership Program (YouLP) – саяси және азаматтық білімге баса назар аудара отырып, көптеген салалар бойынша дарынды және мүдделі жастардың дағдыларын, әлеуетін және білімін жақсартуға бағытталған.
Бағдарлама аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша 6 модульден өтеді:
* Саясат және мемлекет
* Медиа және Гендер
* Экономикалық және әлеуметтік даму
* Адам құқықтары
* Экология және климаттың өзгеруі
* Жаһандық Әлем
Сонымен қатар, бағдарламаға презентация, көпшілік алдында сөйлеу, дизайн, сондай-ақ жобалық басқару, академиялық жазу және басқа да дағдылар бойынша воркшоптар енгізілгенін атап өткен жөн.
Аталған экология және климаттың өзгеруі модуліне Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова, Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айжан Таубебаева, Павлодар облысының «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы Гүлзира Атабаева, Нұр-Сұлтан қаласының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заңгері Азамат Менсеитов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «БП Шымкент бөлімшесі» филиалының персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Серік Тілеуімбетов қатысуда.