«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының әкімдігі жанынан Жол картасын іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі комиссиясының мүшесі Руслан Ақжігітов қала бойынша бекітілген Жол картасы шеңберінде бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың орындалуын қадағалау мақсатында комиссия мүшелерімен бірге Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының 3 жобасын аралады.
Аралау кестесіне сәйкес, Шымкент қаласының Айкөл тұрғын алабында 10/04 кВ желілерін салу, Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабында 10/04 кВ желілерін салу, сондай-ақ, Шымкент қаласының Тәуелсіздігіне 20 жыл тұрғын алабында 10/04 кВ желілерін салу жұмыстарымен танысты.