Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, қамқорлықтағы балаларға көмек көрсетуге және мектепке дайындауға бағытталған “Мектепке жол” республикалық акциясы өтуде.
Акция аясында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.
Бүгін 24 тамызда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Д.Айтжанова үш отбасының аналарымен кездесті. Кездесу барысында ата-аналар балаларды мектепке дайындау мәселелері туралы алаңдатып отырған проблемаларымен бөлісті.
Ата-аналарға мектепке керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан ата-аналарға бонсай үй ағаштары сыйлық ретінде берілді, өйткені, бұл ағаштар қорғанысты білдіреді, үйге бейбітшілік, ұзақ өмір, денсаулық пен махаббат әкеледі. Балалардың ата-аналары көрсеткен көмектері үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.