«Қызмет» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қолдау көрсетуде

Мектепте дәстүрлі оқыту басталуы – балдырғандар үшін айрықша қуанышты жайт. Осы орайда бастауыш кәсіподақ ұйымының көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын жыл сайын белсенді өткізуде.

2021 жылдың 24 тамыз күні «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен карантин шараларын сақтай отырып, 11 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көпбалалы ата-аналарымен кездесті.

Кездесу барысында төраға 19 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажет оқу құрал жабдықтарын табыстай отырып, ата-аналарға, балаларға жақсы жетістіктер, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі.