Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов филиал құрамындағы «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың белсенді қызметкерлеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» орталықтың іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің іс-шараларды тарту менеджері Жұлдыз Жасұзақ және «Алғыс хатымен» орталықтың жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бағдат Пардабай марапатталды.
Жиын соңында орталық басшысының орынбасары Ерлан Омаров қатысушыларды Конституция күні меркесімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының құрметіне алғыс айтты.