«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қал-жағдайымен танысып, мемлекеттік қызмет мәртебесі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде, сондай-ақ «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне байланысты басқосу өткізіп, жиын соңында белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісімен басқарманың салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің бас маманы Ислам Токлаевты, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» басқарманың есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Жазира Жатенованы және басқарманың салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Ілияс Қаратайды, филиалдың «Алғыс хаттарымен» басқарманың салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Рысбековты және басқарманың мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы Бақдаулет Райымбекті марапаттады.