«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының дін істері басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері басқарманың және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, Еңбек қатынастарына байланысты заңдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және басқарма басшысы Әлжан Тұяқбаев «30 тамыз – Конституция күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың марапаттарын тапсырды.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Аружан Атымтаева, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының дін істері басқармасының әдіскері Данна Райымбекова және «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-аналитик маманы Гүлбану Қуандық марапатталды.