Еңбегі еленген ақ халатты жан

«№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК жанындағы “SENIM” Денсаулық сақтау қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Өміржанқызы Ескендірова – 32 жылдан бері кәсіподақ мүшесі.

1988 жылы Целиноград станциясындағы теміржол медицина училищесін бітіргеннен кейін жұқпалы балалар аурулар ауруханасының реанимация бөліміне медбике болып жұмысқа орналасады. Бірден жергілікті кәсіподақ ұйымына кіреді.

«Менің кәсіподақтағы жолым Целиноград теміржол вокзалы кәсіподағы мүшелерінің балаларына арналған балабақшада басталды. Менің әкем кәсіподаққа мүше теміржолшы болды. Мектеп жылдары сол кәсіподақ ұйымдастырған жаңа жылдық шырша мерекелеріне қатыстым», – дейді А.Ескендірова.

1998 жылдан бастап Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың медбикесі болып еңбек етеді. Кейін кәсіподақтардың есеп беру-сайлау жиналысында ұжым бірауыздан оның кандидатурасын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалығына сайлайды.

Ол 2015 жылдың тамыз айында ашылған №9 қалалық емханаға ауысады. Мұнда 2018 жылдың сәуір айында “Senim” Денсаулық сақтау қызметкерлерінің республикалық кәсіподағының құрылуына байланысты, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланады. Айта кетерлігі, елорда бойынша №9 қалалық емхана “Senim” кәсіподағының құрамына кірген алғашқы ұйым болған.

А.Ескендірованың айтуынша, қазіргі уақытта №9 қалалық емхана қызметкерлерінің 418 адамы немесе 80%-ы кәсіподаққа мүше болып табылады. «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» кәсіптік қызметтегі жоғарғы көрсеткіштері үшін бір жас дәрігерге баспана алуға жарна ретінде 500 000 теңге көлемінде сертификат табыс етіпті. Пандемия кезінде кәсіподақ тарапынан Щучинск шипажайына 6 жолдама бөлініпті.

Бүгін «№ 9 қалалық емхананың» кәсіподағы “Мектепке жол” акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін қызметкерлерге 20 мың теңгеден 26 сертификат берді.

Кәсіподақ жетекшісі ретінде адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын жақсы меңгерген, ұжыммен бірге шешім қабылдай білетін, өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын А.Ескендірованың еңбегі еленіп, өткен жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті төсбелігісімен марапатталды.

«Ұжымды біріктіру үшін біз кәсіподақ мүшелеріне бірлескен демалыс, тартымды шаралар ұйымдастырамыз. Ұжымның құрметті демалысқа шыққан бірде-бір мүшесін, ардагерлерімізді ұмытпауға тырысамыз. Кәсіподақтың жаңа мүшесі пайда болған кезде, олар бізге сенім артады. Біздің ұжымда әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы арасындағы өзара іс-қимыл мен түсіністік бар, бұл алға қойылған жаңа мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді А.Ескендірова.