«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, қал-жағдайларымен танысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесімен құттықтап, басқарманың белсенді қызметкерлеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы Әуесбек Әзбердіұлы және «Алғыс хатымен» орталықтың Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының әдіскері Алима Махсутқызы марапатталды.
Жиын соңында басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев қатысушыларды Конституция күні мерекесімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының құрметіне алғыс айтты.