Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру – кәсіподақ назарында

Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар бағыттағы жолаушылар көліктерінің компанияларына субсидия беру мәселесі қаралды.

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Әмірғалиев осы отырысқа қатысып, қаладағы қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жолаушы тасымалдайтын серіктестіктердің жұмыс сапасын жақсартуын, олардың жұмысшыларға лайықты жалақы төлеуін, еңбек құқықтарының сақталуына көңіл бөлу керектігін айтты.

Қала бюджетінен бөлінген субсидияның жолаушылар тасымалын жақсартуға арналатынын атап өтті. Қала әкімі қаладағы екі компанияға бәсекелестікті дамыту үшін үшінші компанияның қосылатынын жеткізді. Жыл соңына дейін бөлінген қаражатқа әрқайсысына 72 жолаушыдан сиятын үлкен 152 автобус сатып алынатыны айтылды.